Өмірге ұдайы оң қарау

Өмірге ұдайы оң қарау
Аурухананың бөлмесінде үш адам төсек тартып жатқан екен.
Ауруханаға бірінші болып түскен адам терезенің қасына жатқызылып, екінші болып түскен – ортаға, соңғысы болса – есік жаққа жатқызылатын болған.
Ортада жатқан кісі оптимист болғаны үшін ұдайы бөлмедегі басқа
науқастардың көңіл күйін көтергісі келіп қызықты әңгіме мен әзілдерді
айтатын еді. Бір күні терезе жақтағы науқас қайтыс болады. Оның орнына оптимист кісі жатқызылып, бөлмелеріне қосымша жаңа адам жатқызылады. Терезе жаққа көшкен аға енді терезеден көргендерін айтатын болды. Күніге жаңа нәрсе көріп, басқа науқастармен бөлісетін. Жол үстіндегі бақшаны, үлкен шынар ағаштарды, жұмысқа асығып кетіп бара жатқан адамдарды,
құстардың сайрауын, бүлдіршіндердің атыспақтары мен қарсы жоталардағы гүлдердің әсемділігін көркемдеп әңгімелейтін. Төсек тартып жатқан басқа науқастар әңгімелерін тындап, достары көрген нәрселерді көз алдында
елестетуге тырысатын. Көп ұзамай оптимист ағаның әңгімелері арқасында аурухана бөлмесіндегі аурулардың көңіл күйлері жаманнан жақсыға аусып, өмірі бітпейтін болып көрінген уақыт та қызықты болып зымыра бастады.
Әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, көреалмаушылықпен жатқан
ортадағы науқас ―терезе қасында жатқанға бірнәрсе болса да, ол жаққа мен жатқызылсам..‖ деп ойлай бастайды. Күні-түні қалай да болса терезе жаққа жатқызылу керегін ойластыратын болады. Оптимист ағаның инсульт кәуіпі барын біліп, түнде бар күшін салып дәрі тұрған үстелді төңкеріп тастайды.
Ертеңіне оптимист науқас қайтыс болады. Оның орнына ортада жатқан науқас жатқызылады. Ол болса терезеден оптимист әңгімелеген барлық заттарды көруге сабырсыздықпен асығуда. Мүмкіндік түскен сәтте
терезесінен сыртқа көз атты да… терезенің арғы жағында қап-қара дуалдан басқа ешнәрсе жоқ екенің көреді..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *