Әлеуметтік иерархия

Әлеуметтік иерархия (социальная иерархия гректің «hierarhia» — «қасиетті» және «arche» — «билік» деген сөздерінен алынған) – «жоғарғылардың» «төмендегілерді» бақылап отыруына, бағыныштылыққа негізделген күрделі әлеуметтік қатынастар жүйесі. Ә.и. – ға басқаруды орталықтандырумен қатар, бюрократияландыру тән. Еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде ол адамдар арасындағы қатынастарды өз заңдарына бағындырады.
Ә.и. билік түрінде жүзеге асырылады, яғни белгілі бір ұйымдасқан жүйедегілер ережелер мен нұсқауларды қатаң орындап отыруы тиіс. Жеке адам (жұмыскер, қызметкер) өз ерік – жігерін Ә.и. талаптарына бейімдейді. Ә.и. заңдылықтарды әр түрлі мекемелер арасындағы қатынастарда да орын алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *