Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде

 

Ислам
Ислам (араб, өзін Аллаһқа тапсыру, мойынсұну) — үшінші, ең жас әлемдік дін. Ислам жер бетіндегі ең көп таралған діндерге жатады.
Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. 35 мемлекетте мұсылмандар тұрғындардың басым көпшілігін құрайды. 28 елде ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Египет, Сауд Арабиясы, Марокко, Кувейт, Иран, Пәкістан және т.б) 120 елде мұсылман қауымдары бар. Ислам — қуатты әлеуметтік-мәдени, белсенді саяси күш.
Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. ол күреіш тайпасының кедейленген хашім руынан шықты.
Исламның негізгі багыттары.
Ислам үш бағытқа бөлінеді — мұсылман әлеміндегі ең көп жақтастары бір сунниттік бағыт, шииттік және хариджиттік бағыт. Олардың пайда болуы, ең алдымен, мұсылман қауымындағы билік үшін күреске және саяси мотивке байланысты еді.
Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. VIII ғ екінші жартысының басында хариджиттер арасында бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады -азракиттер, ибадиттер, суфиттер. Хариджиттердің өз ішіндегі бытыраңқылық олардың күшін әлсіретті. Хариджиттер Исламдағы билік теориясына байланысты догматикалық сұрақтарды даярлауға көп үлес қосты. «Тайпалық десократия» тұғырнамасын ұстана отырып, олар халиф жоғарғы билікті тек қана сайлану жолымен алуы тиіс деп есептеді. Егер де, ол өзіне қойылған талаптар деңгейінен көріне алмаса, онда қауым оны алып тастауға, ал керек болған жағдайда — өлтіруге дейін бара алады. Халиф болып кез келген дінді ұстанған адам тегіне, әлеуметтік статусына және ұлтына қарамай сайлана алады. Билікке үміткер жанға қойылатын басты талаптар — оның Құран мен Суннаны қатаң ұстануы, мұсылман қауымының өкілдеріне әділетті қарауы және сол қауымның мүддесін қолына қару алып қорғауға шамасының келетініндей болуы керек. Халиф — мұсылман қауымының басты өкілетті тұлғасы және де әскер басшысы болып есептелінеді.
Хариджиттер заңды халифтар деп Абу Бакр мен Омарды есептеген. Келіссөз жүргізу арқылы Муавиямен ортадағы дауды шешуге ұмтылған Али, хариджиттер түсінігінде, өзінің халифатқа иелік ету құқығын жоғалтты. Өйткені оны «Алла ғана соттай алады» деген принципті бұзса керек. Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл күйлер тудырушылар болды, ал діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет+- ғұрыптарды қатаң қадағалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді.
Шииттер мен сунниттер
Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры «тақуа халиф» Али мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. Шиизм (ар. «шиа»- топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүей болып табыл-майды. Ол — көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәти-жесінде жүріп отырды.
Шииттер, суннитер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастау деп есептейді. Бірақ олардың сунниттерден ерекшеліктері мынада.: олар бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге Али әулетінен шыққан адамдарды таниды.
Шииттер, суниттерге қарағанда қасіретшеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азартану иедясына, Али мен оның баласы Хусейіннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар аударады.
Шииттік тәжірибеде кең орын алған принцип такия «байқампаздық, естілік, ақылдылық» — «өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу» принципі, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе жан дүниеңде берік бола тұра, іс жүзінде — оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі.Шииттер бұндай жағдайға жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар — өз тарихында саны жағынан азғантай болып, көбіне біраз қысым көрген жандар.
Суниттер
Исламдағы ең ірі бағыт — сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік бағытты ұстанады. Сунниттердің толық атауы — «Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» — дәстүрлі ислманың маңызды принциптерін танытады. Сунниттерге тән белгілердің негіділеріне: төрт «тақу халиятердің» заңды билігін мойындау,; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіен күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу. жатады (маликиттік, шафииттік, ханифиттік немесе ханбалиттік) Шииттерден сунниттердің айырмашылығы — олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пағамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы.
Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда болған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады.
Шиидтік секталар
Кең тараған исламдық жіктемелердің бірреуіне сай, шиитік бес үлкен секталар бар олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: Кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады.
1) Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы
Қазір дін мен дәстүрді былықтырып, өзгеше ұлттық дін жасағысы келіп жүргендер бар, яғни олар әр ұлттың өз діні болу керек дегенді қағида қылып ұстанады. Міне, осы т ұрғыдан қарағанда әртүрлі діни ағымдар өздерін ұлттық дінді ұстап жүрген біздерміз деп халықтың басын қатырады.
Қазіргі ең өзекті мәселе — көп мұсылман жастардың сектаға кетуі. Көпшлігі оның не екенін түсініп білмей кіріп, содан соң басын алып шыға алмайды. ақша табудың қиындауы, өмірден өз орнын таба аламау — жастардың психологиясын мүлдем өзгертуде.
Секта — діннің ең қауіпті бағыты. Онда адам психологиясын өз дініне, өмірге, еліне, жеріне теріс бағыттайды. Сектанттар қарапайым адамдарға үгіт -насихат жүргізіп, бірдеңемен қызықтыру арқылы өз қатарына , өз ортасына тартады. Сетаға кірсе, мұқтаждықта жүрген жандарға қамқорлық ретінде ақша, үй, көлікке дейін береді екен. Ал, алған мүліктер үшін ол жандар сектаға кіріп, есінен адасады. Үйінен қашып, сектаға кіріп кеткен балаларын өз отбасына қайтара алмай жүрген ата-аналар аз емес.
Ислам атын жамылған діни ағымның бірі — «Хизбут — Таһрир» партиясы . Бұл ұйымда мұсылмандар арасына жік салуда. Өкіншке орай, кей жастарымыз мәселенің мән-жайына бармастан теріс уағызға көзсіз көбелектей ілесіп олардың қатарына қалай қосылып қалғанын аңғармай жүр.
Жастарымыздың осындай көзбояушылыққа бой ұсынуы жыл сайын артып келеді. Мұның бәрі біздің иманымыз бен діни сауатымыздың қаншалықты төмен дәрежеде екендігін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *