Өтірікші

Өтірікші
Бір күні сотта бір әйел мен ер кісінің дауы қаралды. Қазы орнына отырмай жатып-ақ, айтыс-тартыс басталып кетті. Алғашқы сөзді алған әйел еркекті нұсқап:
– Бұл кісі мені зорлап, арымды аяққа таптады, – деп жылай бастады.
– Өтірік айтып отыр, мырза – деді ер кісі. – Мен сатқан қойларымның
ақшасын санап жатқанымда, осы әйел келді де, жағдайының қиын екенін айтып, ақша беруімді сұрады. Мен ақша бере қоймағаннан соң, өзінен-өзі айқай шығара бастады.
Қазы олардың сөзі мен әрекеттеріне қарап, іштей барлығын түсінді. Бірақ, мұнысын ешкімге білдірмей, ер кісіге:
– Әйелді біресе зорладым, біресе зорламадым деп өтірік айтасың. Қане, қалтаңдағы ақшаны дереу оған бер. Немесе сені қамап тастаймын, – деп ашуға басты.
Қазының бұл әрекетіне барлығы таңырқай қарасты. Ақшаны қуана-қуана алған әйел оған алғысын жаудырып, шығып кетті. Сол кезде қазы ер кісіге әйелдің артынан барып, ақшаны қайтадан алып келуін бұйырды. Түсінбей қалған байғұс сыртқа жүгіре жөнелді. Көп ұзамай екеуі қайта оралды.
Еркектің беті тырналғаны соншалық қаны сорғалап ағып тұрды. Алғашқы сөз тағы да әйелге берілді. Ол ашулы кейіпте:
– Қазы мырза! Мына оңбаған бұл жолы сіздің маған берген ақшаңызды тартып алуға тырысты, – дегенінде, қазы:
– Жарайды. Ала алды ма? – деп сұрады. Әйел ыржиып:
– Мен мына бәлеге ақшамды беріп, қарап тұрамын ба? – дегенде, қазы қатуланып:
– Ей, ұятсыз! Жазықсыз жанға жала жауып, зорлады деп дауласасың.
Ақшаны қайтармау үшін барыңды салғанша, одан да арыңды таптатпау үшін жанталаспадың ба? Дереу қайтар ақшасын өзіне!
―Өтірік сөйлеу – әдепсіздік. Ал, әдепсіздік адамды тозаққа жетелейді‖ (хадис)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *