Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкі

Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкі
Мәзхабымыздың құрушысы, ұлы ислам ғұламасы – Имам Ағзам әбу Ханифа өз заманының белді саудагерлерінің бірі болған екен. Ол кісі таңертеңнен түске дейін медреседе дәріс оқып, ал түстен кейін саудамен
айналысыпты. Күндердің бірінде дәріс уақытында бір кісі жүгіріп кеп
— Уа, имам, жүк алып келе жатқан кемең батты, – депті. Имам ағзам біраз кідірістен кейін :
— Әлахамдулиллә,- деп сабағын жалғастыра беріпті. Біраз уақыт өткен соң әлгі кісі қайта келіп:
— Уа имам, біз жаңылған екенбіз батқан кеме сіздікі емес екен,- деп хабар беріпті. Имам ағзам болса бұл хабарға да ―әлхамдулиллә‖,- деп қана
қойыпты. Хабаршы аң таң болып:

— Уа имам, кемең суға батты деп хабар әкелгенде ―әлхамдулиллә‖ дедің,
батқан кеме сенікі емес дедік, оған да ―әлхамдулиллә‖ дедің – мұның мәнісін түсіндіріп бер депті. Сонда Имам ағзам былай деген екен:
Сен ―кемең суға батты‖,- деп хабар әкелгенде ішкі дүниемді, жүрегімді байқап қарадым. Бұл дүниелік мал-мүліктің жоғалып, суға кеткеніне байланысты налу, өкіну сезген жоқпын. Сол себепті Әлхамдулиллә деп
Аллаға шүкіршілік, хамд еттім. Батқан кеме менікі емес екенін естігенде де тағы қарап көріп едім, дүниелік мал-мүлікке қайта қауышқаным үшін
жүрегімді алып ұшқан қуаныш сезім байқамадым. Өтпелі дүниенің өтпелі мал-мүлкіне деген осындай немқұрайлықты бергені үшін жаратқан иеме (егеме емес) әлхамдулиллах деп шүкіршілік еттім,- деген екен ғұлама.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *