ӨСИЕТ

ӨСИЕТ
(Р.Киплинг)

Масыл топта мұқалтпағай жігеріңді
Тұқыртып жатса да, табалап жатса да… Өзіңе сен, сыбанып ап білегіңді
Міз бақпағай жазықсыз кінә тақса да…
Жұлдызың тумаса да оңыңнан – күт, сабыр қыл Жалғандықтан бойды ада қыл! Құмартпағын!
Кешірімді де бола біл жасамай дабыр құр Міндет қылма! Аш жүректің бұлақтарын!

Арманнан қол үзбе, құлы болма бірақ Ойға да шом ақиқаттан аластамай
Жақсы да, жаман да ұшырасар жолда, шырақ Алма кезек…. Шынтуайтқа барас(ыз) қалай? Айтылған сөз – атылған оқ… Шайырға – сый Сүйектен де өтер ол сөз, қатайтқанда
Салың суға кетпесін еш, айылды жи Тойтарыс бер түбірге балта шапқанға!

Үмітсіз тек шайтан… Үміт үзбе! Әрбір істің болсын түбі тек жақсылық Есе кетпес, опық жейді күдіксіз де
Жүрмеген жөн болмашы істе «ах» ұрып Тізгінін қолға ал – болмысыңның, жүрегіңнің Түспесін деп Ібілістің арбауына
Асығы алшыдан түспесе егер кімде-кімнің Хақы болар Ынтамен жол таңдауына

Ұлық болсаң да кішік сол, дұрысы сол! Өзегіңді өртесе де шыныңды айт
Қасыңның да, досыңның да ырысы бол Әйтпесе оларың қырын қарайд(ы)!
Уақыт ысырап етпей, мағыналы Ғұмырдан сүр, мағынаға толасып шақ… Сонда саған күллі жахан бағынады
Сонда, қалқам, Нағыз Адам боласың хақ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *