Өмір дегенің

Өмір дегенің
Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен
немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.
Кімге аңсарың ауды, спорттың қай түріне жаныңды бердің, яки сені ес-түссіз ұнатқандардың арасынан өмірді іздеген болсаң, іздей түс! Бірақ өмірді де ол жерден таппассың. Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл
емес!
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы
емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *