Өзің оқы

Өзің оқы
Бір адам Насреддин қожаға бір хат әкеліп оқып беруін сұрайды. Насреддин хатты ашып қараса, хат толығымен арабша жазылған екен. Насреддин хатты оқи алмай адамға қайтарып береді.
— Хатыңды басқа біреуге көрсет, мен оқи алмадым – дейді қожа.
— қалайша!? сіз сауатты адам ұқсап тақия киіп тұрсыз, бірақ арабша оқи алмайсыз…
Насреддин тақиясын шешіп адамның қолына ұстатады:
— Ондай болса тақияны киіп хатты өзің оқы!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *