Өзім сүйіп ұнатқан, бәрінен де сен сұлу..

Өзім сүйіп ұнатқан, бәрінен де сен сұлу..
Бір күні екі теңізші қалыңдық іздеп дүниежүзілік сапарға шығады. Бір ай өтіп, екі ай өтіп кемелері бір аралға келіп тоқтайды. Аралды мекендеген елдің көшбасшысы, ал көшбасшының екі қызы болады екен. Кіші қызы – періштедей сұлу, үлкені – қарапайым болатын.
Бір күні теңізшілерден біреуі досына:
— Өмірлік жарымды тапқан сыңайлымын! Осы жерде қалып, көшбасшының қызына үйленемін!
— Оның жақсы екен, расында да көшбасшының кіші қызы сұлу әрі ибалы. Таңдауың жақсы – үйлен!
— Досым, мені түсінбепсің, мен көшбасшының үлкен қызын ұнаттым.
— Ақмақ болма! Ол түк те әдемі емес қой..
— Бұл менің таңдауым!
Үйленуден бас тартуға көндіре алмаған досы кемеге мініп ары қарай сапарын жалғастырады. Аралда қалған жігіт көшбасшымен кездесіп,
арманындағы қызға сөз салады. Аралдың дәстүрі бойынша қалың мал ретінде сиыр беру керек екен. Ол тайпада қалындықтың көркеміне қарай үш, бес
сиыр деп ең көп 9 сиыр берілетінін естиді. Теңізші көшбасшыға келіп:
— Мәртебелім, сіздің қызыңызға үйленіп, қалың мал ретінде де 9 сиыр беремін!, – дейді
— О, таңдауын жақсы. Кішкентайым ақылды, сұлу, әрі өнерлі қыз. Өзі де кем дегенде 9 сиыр әкелуің керексің мұндай алтын қыз үшін.
Үйленулеріңізге келісім бердім.
— Жооқ, мен сіздің кіші қызыңызды емес, үлкен қызыңызды ұнаттым.
Көшбасшы жас теңізшіні аяп:
— Қыздарымның екеуі де жақсы ғой.. бірақ, мені тыңда, үлкеніме қарағанда кіші қызым әдемірек.. соны таңдасаңшы.
— Жоқ, менің таңдауым ол емес.
— Ал келістік! ондай болса сенен 9 сиыр алу ұят болар. Үлкен қызым үшін 3 сиыр әкелсең де жетеді. Одан артық сұрамаймын.
— Жоқ, мәртебелім, қызыңыз үшін 9 сиырдан аз бере алмаймын.
Ақыры көшбасшы көніп, теңізші мен үлкен қызын 9 сиыр ақысына үйлендіреді. Содан бірнеше жыл өтеді. Бір кездері кемесіне мініп кеткен теңізші, досын іздеп аралға қайтып келеді. Досының үйі жаққа барып қараса, ол балалы-шығалы болып бақытты өмір кешуде.
— Шын бақыттысың ба, бауырым?
— Бақытыма әлі сене алар емеспін! Осыншалықты бақыттымын!, – дейді досы. Бөлмеге перідей сұлу келіншек кіріп, шәй әкеледі.
— Бұл менің жарым, – мақтана таныстырады досы.
— Екінші рет үйленгеніңді білмеп едім..
— Екінші рет үйленгенім де жоқ!
— Солай ма? Аралға бірінші келгенімде сен таңдаған қыз қарапайым, қой ауызынан шөп алмас біреу еді ғой. Әдемі болып кетіпті! Сонда осыншама қатты өзгеруіне не себеп болған? – деп сұрайды.
— Өзінен барып сұрап көр, – дейді досы.

Үйдің бәйбішесі бөлмеге қайта кіргенде, қызара-бозара теңізші сұрайды:
— Ғафу етіңіз.. алғашында сізді.. қалай десем.. көріксіз болып көріндіңіз маған. Қазір болса, перідей сұлусыңыз! Өзгеруіңізге не себеп болғанын білгім келіп еді?
— 9 сиыр құнына бағаланатынымды түсінгенім ғана!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *