Ұйқыңнан оятып жібердім бе

Ұйқыңнан оятып жібердім бе
Үйдің телефоны таңға жуық, сағат 03:30-да шырылдады. Ұйқылы-ояу телефон тұтқасын көтеріп, анасының дауысын естиді. Оның ―Балам,
қалайсың?‖ сұрағына, назданып ―не болып қалды тағы?! тыныштық па?‖ дейді. ―Тыныштық қой. Жай ғана дауысыңды естігім келді‖ — ―Мама, түн

ортасы сол үшін ғана звондадыңыз ба!?‖ — ―Ұйқыңнан оятып жібердім бе?‖ деп сұрайды анасы, бұл сұрағына одан ары ашуланған баласы ―Әрине!
Таңертең звондасаңыз да болар еді ғой!‖ деп еді, анасы ―30 жыл бұрын сен де мені тура осы сағатта оятқан болатынсын. Туылған күнің құтты болсын,
балам!‖ дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *