Құнды сурет

Құнды сурет
Атақты көркемөнер орталығы болып саналатын Еуропаның бір
қаласында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін жүгіріп дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына ―Сіз жазған
суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап келдім. Суретті маған сатыңызшы‖ — деп бір уыс ақшасын суретшінің алдына төгеді.
Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: ―Есің дұрыс па?! Oл
жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?‖ деп сұрап еді,
суретші: ―Иә, бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата
алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшаның бәрін бере алатын қанша адам шығар еді?‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *