Құмырсқа мен Әз.Сүлейман

Құмырсқа мен Әз.Сүлейман
Бір күні Әз.Сүлейман пайғамбар бір құмырсқадан бір жылдық азық мөлшерін сұрайды. Құмырсқа: ―Бір жылда бір бидай дәнін жеймін‖ дейді.
Алған жауабының рас-өтірігін көру мақсатымен Әз.Сүлейман құмырсқаны бір ыдысқа қойып, қасына бір бидай дәнін беріп, дем алатындай тесік тастап ыдысты бір жылға жауып тастайды. Бір жыл өтіп, ыдысты ашып қараса
құмырсқа бидайдын жартысын ғана жепті, жартысы жа жеңілмей тұр екен. Осы жағдайға таң қалған Пайғамбар құмырсқадан неліктен бидайды жеп бітірмегенің сұрайды.
Құмырсқа: ―Менің азығымды үнемі Аллаһ беретін. Мен де оған сеніп бір бидайды толығымен жейтін едім. Өйткені, оның мені ұмытпайтының
және де рызықымды ұдайы беретінің білдім. Бірақ осы міндетті сен өзіне алғаныңда, адам ғой деп саған онша сене қоймадым. Мені ұмытып, рызықымды бермей қалуың мүмкін еді. Сондақтан да бір жылдық
азығымның жартысын жеп, жартысын да келесі жылға бөліп қойған болатынмын.‖ дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *