Қанағат қарын тойғызады

Қанағат қарын тойғызады
Баяғыда Жетісудан шыққан екі жолаушы Бұхараға бет алған екен. Бірі дәулетті, аты Жалғыз деген кісі екен. Екіншісі кедейлеу аты Тәңірберген болса керек. Дәулеттісі аты күйлі болған соң баратын жеріне тезірек жету үшін текіректеп шауып, ұзап кетеді. Екіншісі асықпай, атын шалдырып,
жайлап жүре береді.
Бірнеше күн өткенде Жалғыз тамақсаулығына басып, жолға алған
азығын жеп тауысады. Содан бір тояйын деп астындағы атын сояды. Оның етін түн ішінде қорқау қасқырлар алып кетеді. Көліксіз қалған соң барар
жеріне қалай жетсін, не аты, не тамағы жоқ, өлімші халде жатқанда Тәңірберген жетеді.
Аты тың, азғантай малтасын қанағат еткен. Сөйтіп ол Жалғызды
мінгестіріп, малтасын бөлісіп, барар жерлеріне жетеді. Тәңірберген болмаса, анау айдалада көмусіз қалғандай екен. Жұрт арасында ―қанағат қарын тойғызады, қанағатсыздық Жалғыздың атын сойғызады‖ деген сөз содан
қалыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *