Шынайы дос

Шынайы дос
Әкесі баласына достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, баласы онымен келіспей «сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. Бір күні әке: «ондай болса
достарыңды сынап көрелік. Бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа қойып кел» – дейді. Бозбала айтқанды жасайды.
«Енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта.. маған көмектес» деп сұра. Достарыңның саған адал болып болмағаның сонда көресің». Бозбала бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. Бірақ досы келіспейді. «менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. Тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді.
Басқалары да солай. Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен. Шын дос емес екен олар маған. Ешбірі көмектескісі келмеді» дейді ол
мұңая. Әкесі айттым ғой саған деп, енді пәлең жерде тұратын, пәлеңше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді.
Бозбала айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. Әкесінің сәлемін айтып, «біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан»
дейді. Әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. Қапты сол орға көміп, үстінен де қызғалдақтарды егіп тастайды.
Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. Бұл жолы әкесі: «енді сол
досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала» дейді. Таң қалады баласы, бірақ әкесінің айтқанын орындайды. Қайтып

барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. Сонда да ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтар бақшамды қопаратын адам емеспін» дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *