Хақ мәселесі

Хақ мәселесі
Әз.Омар (р.а) халифа болып тұрған кезінде бір күні түнде халқына,
еліне байланысты іспен шұғылданып жатады. Сол кезде біреу жеке басының шаруасымен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды. Әз.Омар (р.а) шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ Омардан (р.а): «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап біреуін сөндіріп, екіншісін жаққаныңыз не?» – деп сұрайды. Әз.Омар (р.а) оған былай деп жауап береді: «Сөндірген май шам – мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында әңгімелесу үшін
мемлекеттің малын қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де, өз ақшама алған май шамды жақтым»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *