Француз экспедициялық корпусы әкелген типографиялық құрал-жабдықтар.

Француз экспедициялық корпусы әкелген типографиялық құрал-жабдықтар. Еуропалық типтегі басылымдардың қалыптасуы.

Наполеон және баспасөз. Француз басылымдарының мақсаты.

Мұхаммед Әлидің ұлттық баспасөздің дамуына қосқан үлесі. «Гурналь әл-хедив» — араб елінің төл басылымы.

Елдегі саяси жағдайлардың баспасөзге әсері. Оппозициялық басылымдардың дүниеге келуі. «Раудат әл-Мадарис»  журналының қоғамдық ойдың дамуына қосқан үлесі. Рифаа ат-Тахтави – журналистиканың негізін салушылардың бірі.

Мұғажырлық басылымдардың маңызы. Таяу шығыс ақпарат агенттігі–МЕНА.

Мысыр мемлекетiнiң географиялық орналасуы өте қолайлы. Ол Африканың шығысында орналасып, өзiне Азия бөлiгi – Сипай түбегiн қосып алады. 15 млн. халқы бар. Астанасы — Каир қаласы араб әлемiнiң жүрегi болып табылады. Мысыр солтүстiк-шығысында Палестинамен және шекарасы 265 шақырымға созылған Израильмен, батысында 1115 шақырымға созылған Ливиямен, оңтүстiгiнде 1280 шақырымға созылған Суданмен шекараласады.

Мысырдың жалпы ауданы шамамен 1002000 шаршы шақырымға тең. Мысыр территориясымен Суэц каналы өтедi. Негiзгi су көзi Нiл өзенi болып табылады, жаңбыр және жер асты сулары аз мөлшерде пайдаланылады.

Мысыр халқы 1997 ж. 1 қаңтарында 61404000 адамға жеттi. Оның iшiнде ер адамдар — 31295000, әйелдер – 30108700.

Мемлекеттiк тiл – араб тiлi. Дiнi – ислам, мемлекеттiң негiзгi дiнi.

Мемлекеттiк туы үш түстен тұрады: қызыл, ақ және ортасында алтын бүркiт орналасқан қара жолақ. Ұлттық валютасы — Мысыр фунты (100 пластрам). Iрi қалалары – Александрия, Порт-Сайд. Әкiмшiлiк бөлiнуi – 26 губернаторлық (мухафазат). Оның әрбiреуi марказға, марказ нахинға бөлiнедi. Тұрғылықты халықтың 98 пайызы – арабтар. Ұлттық мерекесi – Революция күнi (1952 ж.) 23 шiлдеде атап өтiледi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *