Уф…!

Уф…!
Ерте ерте ертеде, бір араб шөлдерінде бір бедуиннің сиқырлы бір түйесі болады екен. Бұл түйеге ―Уф!‖ деңілген кезде, түйе жүріп, ―Уф Уф!‖ деңілсе жүгіреді екен. ―Әмин‖ дегенде де тоқтайды екен. Осындай сиқырлы түйені бедуин бір күні базарға апарып сатпақшы болады. Базардағыларға түйенің қасиеттерін түсіндіріп, жарнамасын жасап, басқа түйелерге
қарағанда көбірек ақша сұрап тұрады. Түйені сатып алушылардың біреуі бедуинге: ―Егер расында да түйе сен айтқандай азылды болса, еш
ойланбастан айтқан бағаға сатып аламын! Бірақ айтқандарына көз жеткізуім керек, ол үшін түйене мініп көрмекшімін‖ дейді. Бедуин келісімін беріп,
сатып алушы түйеге мінеді. ―уф!‖ деп еді – түйе жүріп кетті, ―уф уф!‖ деп еді
– түйе жүгіре жөнелді. Адам қорқаннан түйені тоқтату үшін айтылатын сөзді ұмытады. Бір қараса, түйе тіке бір ор жаққа жүгіріп келе жатыр. Тездетіп түйені тоқтататын сөзді есіне түсіре алмаса орға түсіп өлетіні анық. Адам
үмітін үзіп, бар ықыласымен Құдайға жалбарынады. Дұға жасап болып,

іштен ―Әмин‖ дейді да, орға түсуге сәл-ақ қалғанда түйе тоқтайды. Адам аман-есен қалғанына қуанып, алың терін сүртіп жатып: ―Уф!‖ депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *