Уақытыңды сатып алсам болады ма?

Уақытыңды сатып алсам болады ма?

Арман жұмыстан үйге шаршап келгенде, есік алдынан 5 жасар баласы Ерден қарсы алады. Дереу ―әке, сағатына қанша ақша табасыз?‖ деп сұрайды. Өзі де шаршап келген Арман ұлының сұрағына ашуланып ―онда шаруаң болмасын‖ деп жауап қайтарады. Ұлы берілмей ―айтыңызшы, білгім келеді‖ деп қайта сұрағанда, Арман ызаланып ―2 мың теңге! ал не істейін деп едің!?‖ дейді. Сонда Ерден ―Маған 1 мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба?‖ деп
сұрайды. Арман одан әрі ашуланып, ―Мен сенің онсыз да толып жатқан ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Мазамды ала бермей – бөлмеңе бар‖ дейді. Көзі жасаурап, Ерден еш жауап қайтармай бөлмесіне барады.
Арманның ашуы басылар емес, ―5 жасында болып ақша сұрауға қалайша дәті барды!‖.
Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, Арман Ерденді босқа ренжіткенін,
баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, ―мүмкін шыныңда қажет болып тұрған шығар‖… деп, ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан Ерденге жақындап, ―Ұйықтап жатсың ба‖ деп сұрайды. Баланың ―Жоқ‖
дегенін естіп, ―Сұраған мың теңгенді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме. Жұмыстан шаршап келген едім‖. Ерден төсегінен ұшып тұрып,
―Әке, рахмет!‖ деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап қойып,
ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген Арман қайта ашуланады, ―Ақшаң болып тұрып неге менен сұрадың?… Сенің бала ойындарыңа уақытым жоқ‖ деп ұрыса бастайды. Сонда баласы ―Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді‖ дейді да, ақшалардың бәрін уысқа жинап әкесіне созады – ―Міне 2 мың теңге… Әке, бір сағат уақытыңызды сатып
алсам болады ма?…‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *