Тұзды не үшін сатып алғызды?

Тұзды не үшін сатып алғызды?
Ертеде бір би аң аулауға шығады. Нөкерлері бидің құрметіне үлкенірек бір жылқы сойғызып, ет асады. Сорпасына тұз қосатын кезде қастарыңа тұз алмағандарын көреді. Жақын маңайдағы ауылға тұз алу үшін біреуді
жібереді. Мұны естіген би: ―Тұздың ақшасын беріп кетсін; ақысыз-пұлсыз алу әдетке айналмасын!‖ дейді. ―Алатынымыз аз-ақ қой, несіне сатып
аламыз?‖ деп сұрайды нөкерлері. Би: ―Әлемдегі зорлық-зомбылық кішкентай нәрседен басталған болатын. Уақыт өте келген-кеткен адамдар оны үлкейтті. Осылай озбырлық бүгінгі дәрежеге жетті‖.
Халықтың бақшасынан хан бір алма жесе, нөкерлері ағашты түп- тамырымен жұлып алады. Хан бес жұмыртқа үшін зомбылыққа көз жұмса, әскерлері мың тауықтың көзін жояды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *