Ти-Би-Си ТВ»

Корея телевидениесi коммерциялық станцияның ашылуымен 1956 жылы бастау алды. Алайда, бұл алғашқы телестанса сол жылы-ақ қайта жабылды. 1961 жылдың 1 желтоқсанында үкiмет Сеулде «Кей-би-эс ТВ» ресми телеорталығы ашылды. Ал, «Ти-Би-Си ТВ» 1964 жылдан бастап қызмет көрсетедi.  1969 жылдың   тамызында «Эм-Би-Си ТВ» телеорталығы
ашылады. 1990 жылдан кейiнгi реформалар нәтижелерiне орай жеке телестансалар көбейе бастады. Статистикаға сүйенсек, «Кей-Би-Эс» аудиториясы 98 пайыз, «Эм-Би-Си» — Оңтүстiк Корея аудиториясының 92 пайызын құрайды. Бұл екi компания өзiнiң бағдарламаларын күнделiктi таңғы
5:30 бен 10:00 аралығында жүргiзедi.

Оңтүстiк Кореяда радио тарату iсi жапондықтардың Сеулде құрған радиостансаларынан бастау алады. 1927 жылдан берi қарай корейлiктер өз қолына алды. 1945 жылдың қыркүйек айынан бастап радиостанса жүйесiн (КВС) американдық әскери әкiмшiлiк басқарды. Бұл жүйеде дiни, бiлiм, ақпараттық және көңiл сергiтетiн бағдарламалар жүйелі құрылған. Ал, 1956 жылдың желтоқсанында християндық ұйым, яғни Евангелистiк одақ қиыр шығыстық Инчхоне радио тарату iсiн бастады. Мұндағы хабарлар аптасына 100 сағат корей, ағылшын, қытай және орыс тiлдерiнде жүргiзiлдi. 1959 жылы Пусанеде коммерциялық Пусан Мунхва Бродкастинг Стейшн радиостанциясы ашылды, мұның iзiн Мунхва Бродкастинг  Компани (МВС), Тона Бродкастинг Стейшн (ТВС) жекеменшiк радиолары жалғастырды. Бұл радиостанциялардың тұсау кесу рәсімі Сеул қаласында өткен.

1966 жылы Сеулде Бродкастинг Компани бiрiншi рет УКВ диапозонында радиодан хабарлар тарата бастады. 1970 жылы оған үш УКВ станциялары: Сеулдегi “Корея УКВ” қосылды.

Фар Ист Компани (FEBC)  коммерциялық арнаның АҚШ-та демеушiсi бар. Ол 1972 жылы Кореядағы Чечжудо аралының оңтүстiк жағалауындағы елдерге Азия халықтарының бостандығы мен бейбiтшiлiгi жайлы ақпараттар, хабарламалар, бағдарламалар жiберiп отырады.

Ақпарат агенттiктерi. 1945 жылдан кейiн корейлiктерде алғашқы «Хебин Тхонсин» (Дербес пресса) ақпарат агенттiгi пайда болды.

1945 жылдың 4-қыркүйегiнде «Чосон Тхонсии» агенттiгi
ашылды. Осы жылдың аяғына қарай «Енхап Тхонсиннiң» негiзi
қаланды. Кейiннен екеуi бiрiгiп, «Хаптон Тхонсин» ақпарат агенттiгiн құрайды. 1980 жылдың 19 желтоқсанында «Хиптон» мен «Ориент пресс» бiрiгiп, «Енхан Тхонсин» ақпарат агенттiгiн ашады. Бұл ақпарат агенттiгiнiң 40 шетел агенттiктерiмен жаңалық алмасу мүмкiндiгi бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *