Телерадиосы

Телерадиосы. Мысырда 1995 жылғы мәлiмет бойынша жалпы қуаттылығы 12617 кВт құрайтын 252 станция жұмыс iстейдi. Аймақтық радиобағдарламаларын қосып есептегенде Мысыр радиосы күнiне 395 сағат хабар таратады. Жердiң жасанды серiктерiн қолданудың арқасында «Мысыр дауысы» бүкiл құрлыққа тарайды. Сегiз дербес радио жұмыс iстейдi.

Ақпарат агенттiктерi. Ұлттық ақпарат агенттiктерi ұлттық газеттердi басып шығарады және де мемлекеттiң меншiгi болып есептеледi. Олардың жұмыстары Шура кеңесiмен бақылауға алынады. Орталық шығыстың жаңалықтар агенттiгi – прессаның тәуелсiз институты. Бүгiнгi таңда аталмыш агенттiк аумақтық агенттiктер арасында елеулi орын алады. 1998 ж. алғаш рет 6-9 наурыз аралығында Қазақстанға Мысыр Араб Республикасының журналистер делегациясы келiп кеттi. Олардың мақсаты – Қазақстан жайында ақпараттық материалдар дайындау болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *