Сөз бен істің бір болуы

Сөз бен істің бір болуы
Кішкентай баланың балға аллергиясы болады. Бірақ балаға ата-анасы
―бал жеме!‖ деген сайын, бала балдың екі есесін жейді. Денсаулығынан уайымдаған ата-ана баланы улкен бір ақсақалдың үйіне апарады да
―баламызға бал зиянды, бірақ қанша жеме десек те, тілімізді алмайды. Сіз айтсаңыз бәлкім тыңдайды‖ дейді. Ақсақал: ―қазір ештеңе айта алмаймын;
балаңызды 40 күннен кейін қайтып алып келіңіздер‖ дейді да үйге қайтарып жібереді. Қырық күн өтіп, ата-ана балаларын қайтып әкелген кезде, ақсақал баланы қолға алып көзіне қарайды да ―бал жеме‖ деп ақыл айтады. Бала

бірден басын иып ―мен енді бал жемеймін‖ деп сөз береді. Таң қалған ата-ана ақсақалдан ―айтқаныңыз бір ауыз сөз ғана, неге 40 күн күткіздіңіз?‖ деп
сұрайды. Ақсақал: ―балаңызбен бірге келген күні таңғы асыма бал жеген едім. сол кезде егер өзім жасаған нәрсені оған жасама деп ақыл айтқан
болсам, бала мені де тыңдамас еді. денемдегі бал толық жоқ болу үшін 40 күн күту керекті, сонда ғана ақыл айта алдым‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *