Сөзсіз диалог

Сөзсіз диалог
Бір диқан ксендзуға келіп шіркеуге тиесілі жерді жалға беруін сұрайды.
— Бұл жер қараусыз, – дейді диқан, – менің болса үлкен отбасым бар. Ксендз біраз ойланып.
— Жарайды, – дейді, – жалға берейін. Бірақ алдыменен бәстелесейік. Жеңсен
– жер сенікі.
— Қалай сонда? – түсінбейді диқан.
— Сөзсіз әңгімелесіп, – деді ксендз – бірбірімізді түсінуге тырысайық.
Сүйтіп ксендз диқанға саусақ көрсетеді. Диқан көп ойланбай екі саусақ көрсетеді.
Ксендз аң-таң. ―Қарай гөр мұны, қандай дана жауап қайтарды. Оған Құдай жалғыз деп едім, дүние екілік дегені дұрыс екен‖. Бұл жолы ксендз
қалтасынан алма шығарады.
―Дүние – жаннат‖, – мағынасында. Диқан сөмкесінен пиязды шығарып алманың қасына қояды. ―Дегенмен көз жасы да көп‖, – іспетті жауап бергендей болады.
— Уау! – таңқалады ксендз. – Жер сенікі. Ала бер! Диқан үйге қуанып қайтады.
— Не болды? – сұрайды әйелі – Жерді ала алдың ба?
— Иә, – дейді диқан, – бәстелесіп едік, жерді ұтып алдым.
— Қалайша? – таңқалады әйелі.
— Онымен сөзбен емес, ишаратпен әңгімелестік – Алдыменен ол маған бір саусақ көрсетті, яғни: ―Көзіңді шұқып аламын‖ дегені ғой. Мен абыржымай
оған екі саусақ көрсеттім: ―Мен екі көзіңді шұқып аламын‖ мағынасында. Ол таңқалды да алма шығарып көрсетті, оны ―Бұл менің асым‖ деп түсіндім.
Мен өз кезегімде пиязды шығарып:
―Сенің асың алма болса, менің асым – пияз‖ дедім. Осыдан кейін ол жерді бере салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *