Сәби

Сәби
Жас әйел сәбидің сұлулығына қарап елтіп отырады. Сәби өзінің қара шашы, үлкен қарақат көздері, пұшық мұрны және сүйкімді еріндерімен басқа әлемнен келген періште тәрізді. Мұншалықты әдемі сәбиді бұрын-сонды
ешбір жерде көрмеген әйел үшін бұл сәби дүниенің ең әдемі сәби болғаны сөзсіз. Әйел кішкентай қыздың бетінен қошарлана сүйіп, иіскеп алғысы
келсе: ―Маған жақындама!‖ дегенді естиді. ―Мені құшақтауға еш хақың
жоқ…‖ Әйел селт етіп жан-жағына қарайды. Бөлмеде сәби мен өзі ғана, басқа ешкім жоқ. Дауысты қайта естігенде, қорқып бұрылып сәбиге қарайды.
Құдайым-ау! Жаңа туған сәби ма сөйлеп тұрған!?
―Маған жақындама. қаламаймын‖ дейді сәби, ―тез арада кет қасымнан…‖ Әйел сәл өзіне келіп: ―Балаларымыздың бәрі де ұл‖ дейді. ―Олар да өз
бетінше әдемі бірақ қыз балалар бір ерекше сұлу. сондықтан сені қапсыра құшақтап, сүйгім келді‖
―Сүйе де алмайсың‖ деп жылайды сәби. ―сен мені сүйе алмайтыныңдай, мен де сені сүйе алмаймын…ешқашан!‖
―неге!!?‖
―себебін сен де білесің!‖ деп зар жылайды сәби.
Себебі не болуы мүмкін деп тұрғанда, әйел есін жинайды. Ақылы
емхананың ең люкс бөлмесінде жатыр екен. наркоздың әсерінен оянғаны осы. Өз ісінің жақсы бір маманы болып танылған дәрігер әйелге бұрылып:
―Құттықтаймын. аборт сәтті өтті. айтпақшы, алдырған балаңыздың жынысы қыз еді―

Жаман амалдарға толы ор
Бір сахаба келе жатып бір кісілердің жасаған жаман амалы үшін біреуді ауызбен сөгіп, ұрысып тұрғандарын көреді. Сахаба жақындап барып
сұрайды:
— Неге барлығыңыз жабылып бір адамды ренжітіп тұрсыздар? Осы достарыңның орға түскенін көрсеңдер, оның тез арада ордан шығуына көмектесер ме едіңіз?
— Әрине, көмектесеміз- досымыз ғой
— Ондай болса бауырыңызды ренжітіп, оған жаман сөз айтып ол құлаған орға одан әрі етере бермеңдер, шығуына көмектесіңдер. сізді сондай жағдайға ұшыратпаған Аллаһқа шүкір етіңдер. ашуланатын болсаңыз адамға емес,
жасаған амалына ашуланыңыз..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *