Сараптамалық консолидациялық процестер

Сараптамалық консолидациялық процестер Ұлыбританияның кабельдiк телевидениесiнде орнын тапты. Мұнда эфирлiк телевидениедегi сияқты екi iрi компанияның бiрiгуi жайлы сөз болды. Бұл «Кэйбл энд уайерлесс коммьюникэйшнз» және «Телеуэст» телекомпаниялары. «Нэшнл транскоммьюникэйшнз лимитед» компаниясы — үшiншi «Ойыншы» болды. Бұны «Франс телеком» акционерi көтермеледi. Соның көтермелеуiмен ол  «Кэйбл энд уайерлисспен» бiрiгуге келiсiм алды. «Телеуэст» каналы спутниктiк телевидениеге жататын «Флекстек» компаниясымен бiрiгетiндiгiн жариялады. Ұлыбританиядағы Интернет қызметiнiң өкiлдерi — шетел фирмалары, олардың  озығы «Фрисерв» британдық кабельдi телекомпанияларына интернеттi өздерiнiң кабельдерiмен жiберiңдер деп қысым жасап отыр. Олар аудиторияны кеңейту мүмкiндiгiмен назар аудартады. «Телеуэст» 2000 жылы ақпан айынан бастап Интернетте жұмыс iстеуге рұқсат беретiн, айына 10.ф.ст. төленетiн «Серф анлимитед» қызметiн шығарды. Ай сайынғы төлем Интернетпен шұғылданатын адамдар санын күрт өстiредi, ол жаңа интернеттiк технология көркем фильмдердi көрсетуге дейiн барады. Қазiргi кезде Ұлыбританияда интернет жүйесiнiң қызметiн көрсететiн 300 фирма бар. Коммерциялық эфирлiк телевидениеде «Ай — ти – ви»  басшылығы алдарына қойған мақсатына жеттi. Ол — үшiншi каналдың  (канал «Ай – ти — ви») аудиториясының орташа рейтингiн 39%-ке дейiн көтеру. Бұл талап түгелiмен жылдың аяғында орындалды. Осы кезде жаңа жыл аптасына арналған көп бағдарламалар жүйесi шығарылған болатын. Бұның негiзгiсi болып, жаңа әйгiлi телеойын – “Кім миллионер болғысы келеді?» лоториялық шоу болатын. Әрине миллионер ешкiм болған жоқ. Бiрақ бұл ойын аудиторияның рейтингiн көтеруге көмектестi.  Коммерциялық эфирлiк телевидениенiң өмiрiндегi екiншi маңызды оқиға «Карлтон» компаниясының 1998 жылы түсiрiлген «10 сағат ішіндегі жаңалықтар» жаңалықтарын қайтару туралы келiсiмi болды. Бұл хабардың алынып тасталуы Ұлыбритания бұқарасы арасында үлкен дау туғызды.

«10 сағат ішіндегі жаңалықтар» шығарылымын түсiргеннен кейiн бiр млн-ға жуық көрермен «Ай — ти – ви»  арнасының сегiзден отыз минут кеткенде шығатын жаңалықтар бағдарламасы күнделiктi барлық жаңалықтарды қамтымады, ол кешкi жаңалықтар кеш қалып отырды. Көрермендердiң көбiсi оның бәсекелесi “Би — Би – Си» жаңалықтарын көруге көштi. «Ай — ти – ви»  салмақты актуальды — қоғамдық  «Қозғалыстағы әлем» бағдарламасын жаңа  «Бүгінгі кешкілікте» бағдарламасына ауыстырған. Бұл бағдарламада мемлекеттiк саясат сұрақтары мүлдем көтерiлмейдi, әрине бұл үкiметке ұнамайды. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басындағы Ұлыбританияның ақпарат нарығында iрi монополиялардың бәсекелестiгi өрши түсуде. Бұл жарыста әрқайсысы сол нарықты құруға ұмтылады. Жалпы Еуропалық журналистикаға тән нәрсе ақпарат — тауар деп қарау болғандықтан осындай мәселелерге келiп тiреледi.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *