Оң қол

Оң қол
Генералдардан біреу жеңіспен біткен шайқастан қайтып келіп, халифа Әз. Омар қасына барады. Генералдың қасында қысқа бойлы біреу болады.
Әз. Омар сол кісіні мензеп генералынан «бұл кім» деп сұрайды. Генерал:
«Бұл менің оң қолым. Қандай тапсырма берсем де, бәрін керемет орындады.
Ең құпия хабарларды дер кезінде жеткізді. Кейде бір орданың да жасай
алмайтын, үлкен қызметтер көрсетті. Тіпті осы жеңіс те соның арқасы десем болады» – дейді.
Біраз уақыт өткен соң сол генерал халифамен қайта кездеседі. Бірақ бұл жолы қасында көмекшісі көрінбейді.
— Оң қолың қайда? Деп сұрайды халифа
— Айтпаңыз, Халифа. Сатып кетті бізді, дұшпандардың жағына шығып кетті
— Саған Аллаһтан басқа ешкімге сенім артпау керектігін өткенде де айтайын дегенмін. Бірақ мың рет естігеннен, бір рет бастан өткіргенің абзал болады деп ойладым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *