Оның әкесін сенің әкеңнен қатты жақсы көретін

Оның әкесін сенің әкеңнен қатты жақсы көретін
Пайғамбарымыз (с.а.у) азат еткен құлы – Зәйд бин Харисәні өте қатты жақсы көретін. Ұлын Усамәны да. Зәйдті де, ұлын да керек кезде қолдайтын. Хз. Омар бір күні олжаны таратып жатқан еді. Ұлы Абдуллаһқа үшеу берсе, Усамәға төртеу беріп жатты.
Абдуллаһ бұның себебін білгісі келіп:
— Усамә қатысып та, мен қатыспаған ешбір жорық есімде жоқ. Қандай нәрсеге сүйеніп, оған көп беріп жатырсың?
Хз. Омар былай жауап берді:
— Хз. Пайғамбар оның әкесін сенің әкеңнен, Усамәны да сенен қатты жақсы көретін. Оның әрбір ісінде шүбәсіз бір хикмет бар. Мен Оның сүйгенін өзімнің сүйгенімнен артық көремін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *