Нәпсіні билеу

Нәпсіні билеу
Тобықты елімен көршілес төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге:
— Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, – дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
— Ау, ол не дегенің?! Меңаяқ өз атының басын ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай:
— Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі
сонда еді, – депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *