Нәпсіні билей білу

Нәпсіні билей білу
Тобықты елімен көршілес Төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге: ―Меңаяқ өзінің басының атын өзі алып жүре алатын адам еді‖,-дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
— Абай-ау, ол не дегенің? Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай:
— Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор
адамдығының өзі сонда еді, – деп жауап береді
“Ислам және өнеге” кітабынан алынған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *