Нью-Йорк таймс

Нью-Йорк таймс. АҚШ-тағы алпауыт газеттердiң бiрi — “Нью-Йорк таймс” басылымының құрылымы, қызметкерлерiнiң жұмысы, тұрмыс-тiршiлiгi туралы мәлiмет бере кеткен артық болмас. Газет штатында төрт мыңдай адам жұмыс iстейдi, солардың 1200-дейi журналистер. Жаңалықтар бөлiмi өте ауқымды. Газеттегi қаржы саласын қамтып жазатын тiлшiлер саны 120-дан асады. 100-ге тарта журналист мәдениет мәселелерiмен шұғылданса, 80-i спорт хабарларын жазады. 65-тен аса журналист күнделiктi өмiр, тiршiлiк мәселелерiн қамтиды. Бұдан басқа толып жатқан бөлiмдер бар. Осы айтылып отырғандар тiкелей штат қызметкерлерi. Оларға жылына 200 миллион доллар көлемiнде жалақы төленедi.

“Нью-Йорк таймс” — бiрнеше басылымдардың басын қосқан iрi конгламерат. Оған сондай-ақ, iрi газет “Бостон глоб”, т.б. секiлдi он алты газет, сегiз телестанса, екi радиостанса қарайды. Газеттiң өзiнiң бiрнеше веб-сайты бар. Сондай-ақ, газеттiң ақпараттық қызметi жұмыс iстейдi, оны 800-дей басылым пайдаланады. Былтыр газеттiң жылдық табысы үш млрд. доллардан асқан.

Газеттiң 43 шетелдiк тiлшiсi және 60 федералдық тiлшiлерi бар. Бұған қоса Нью-Йорк қаласының өмiрiн қадағалап жазатын бiрнеше жүз тiлшiсi осы ғимарат iшiнде отырады. Жаңалықтарды жазатын 100 репортер жұмыс iстейдi. Газет осыншама көп ғимаратты алып отырғанымен, журналистер ғимаратқа сыймағандықтан, олар бұдан өзге жерден де кеңсе жалдап, бiраз қызметкерлерiн сонда отырғызған. Сондықтан қазiр қала iшiнен жер алып, 69 қабатты жаңа зәулiм үй салдырып, ол 2005 жылы пайдалануға берiлді. Газетте негiзгi қызмет iстейтiн төрт мың адамнан басқа, келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн одан үш есе көп адам бар екен. Олар әр қиырынан күнделiктi материалдар жiберiп отырады. Сондай-ақ, газеттегi негiзгi 33 фототiлшiден басқа, сырттан 70-тен аса фотожурналист жеке-жеке салаға бөлiнiп, өздерiнiң бейiмделген жүйесi бойынша терең зерттеулер жүргiзедi. Мәселен, спорт журналистерiнiң бiреуi боксты қамтыса, екiншiсi тек бейсболды жазып, соның ұңғыл-шұңғылын зерттеп жатады. Сол сияқты, музыка мамандарының iшiнде он бес тiлшi бар екен, әрқайсысы  бiр ғана салаға бейiмделген.

Газет күн сайын төрт рет әлсiн-әлсiн жаңарып шығып отырады. Әрi оның әр аймаққа бейiмделген нұсқалары бар. Мысалы, Вашингтонға, Нью-Йоркке, штаттарға — барлығы он бiр аймаққа арналып шығарылады. Газет 1993 жылдан берi түрлi-түстi болып шығады. Бұл басылымның қалыңдығы мен беттерiнiң көптiгiне таң қаласың. Осының бәрiн қашан оқып болады дерсiң. Алайда әркiм қашан оқып керегiн алатыны белгiлi. Мәселен, осы газеттiң жексенбi күнгi саны 5,5 кг болып шығады. Соның тең жартысынан астамы – жарнама. Сол бiр нөмiрдiң өзiнен ғана 25 млн. доллар табыс түседi.

. АҚШ-тағы алпауыт газеттердiң бiрi — “Нью-Йорк таймс” басылымының құрылымы, қызметкерлерiнiң жұмысы, тұрмыс-тiршiлiгi туралы мәлiмет бере кеткен артық болмас. Газет штатында төрт мыңдай адам жұмыс iстейдi, солардың 1200-дейi журналистер. Жаңалықтар бөлiмi өте ауқымды. Газеттегi қаржы саласын қамтып жазатын тiлшiлер саны 120-дан асады. 100-ге тарта журналист мәдениет мәселелерiмен шұғылданса, 80-i спорт хабарларын жазады. 65-тен аса журналист күнделiктi өмiр, тiршiлiк мәселелерiн қамтиды. Бұдан басқа толып жатқан бөлiмдер бар. Осы айтылып отырғандар тiкелей штат қызметкерлерi. Оларға жылына 200 миллион доллар көлемiнде жалақы төленедi.

“Нью-Йорк таймс” — бiрнеше басылымдардың басын қосқан iрi конгламерат. Оған сондай-ақ, iрi газет “Бостон глоб”, т.б. секiлдi он алты газет, сегiз телестанса, екi радиостанса қарайды. Газеттiң өзiнiң бiрнеше веб-сайты бар. Сондай-ақ, газеттiң ақпараттық қызметi жұмыс iстейдi, оны 800-дей басылым пайдаланады. Былтыр газеттiң жылдық табысы үш млрд. доллардан асқан.

Газеттiң 43 шетелдiк тiлшiсi және 60 федералдық тiлшiлерi бар. Бұған қоса Нью-Йорк қаласының өмiрiн қадағалап жазатын бiрнеше жүз тiлшiсi осы ғимарат iшiнде отырады. Жаңалықтарды жазатын 100 репортер жұмыс iстейдi. Газет осыншама көп ғимаратты алып отырғанымен, журналистер ғимаратқа сыймағандықтан, олар бұдан өзге жерден де кеңсе жалдап, бiраз қызметкерлерiн сонда отырғызған. Сондықтан қазiр қала iшiнен жер алып, 69 қабатты жаңа зәулiм үй салдырып, ол 2005 жылы пайдалануға берiлді. Газетте негiзгi қызмет iстейтiн төрт мың адамнан басқа, келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн одан үш есе көп адам бар екен. Олар әр қиырынан күнделiктi материалдар жiберiп отырады. Сондай-ақ, газеттегi негiзгi 33 фототiлшiден басқа, сырттан 70-тен аса фотожурналист жеке-жеке салаға бөлiнiп, өздерiнiң бейiмделген жүйесi бойынша терең зерттеулер жүргiзедi. Мәселен, спорт журналистерiнiң бiреуi боксты қамтыса, екiншiсi тек бейсболды жазып, соның ұңғыл-шұңғылын зерттеп жатады. Сол сияқты, музыка мамандарының iшiнде он бес тiлшi бар екен, әрқайсысы  бiр ғана салаға бейiмделген.

Газет күн сайын төрт рет әлсiн-әлсiн жаңарып шығып отырады. Әрi оның әр аймаққа бейiмделген нұсқалары бар. Мысалы, Вашингтонға, Нью-Йоркке, штаттарға — барлығы он бiр аймаққа арналып шығарылады. Газет 1993 жылдан берi түрлi-түстi болып шығады. Бұл басылымның қалыңдығы мен беттерiнiң көптiгiне таң қаласың. Осының бәрiн қашан оқып болады дерсiң. Алайда әркiм қашан оқып керегiн алатыны белгiлi. Мәселен, осы газеттiң жексенбi күнгi саны 5,5 кг болып шығады. Соның тең жартысынан астамы – жарнама. Сол бiр нөмiрдiң өзiнен ғана 25 млн. доллар табыс түседi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *