Неге мен?

Неге мен?
Уимблдон (Wimbledon) жарысының алғашқы афроамерикандық чемпионы атанған теннис ойыншысы Артур Эш (Arthur Ashe) қан құю
кезінде СПИД жұқтырып өлім төсегінде жатқанды. Жанкүйерлерінен біреу:
―Осындай ауыр ауру үшін Құдай неліктен ғана сені таңдады?!‖ деп сұрайды.
Сонда Артур былай деген екен: ―Күллі дүниеде 50 миллион бала тенниспен қызыға бастайды, 5 миллионы теннис ойынын меңгереді, 500
мыңы ғана кәсіби теннисші болады, 50 мыңы түрлі сайыстарға қатысады, 5 мыңы үлкен жарыстарға дейін жетеді, солардың ішінен 50 шақтысы ғана Уимблдонға кіреді, 4-і жарты финалға жетсе, 2-і ғана финалде ойнайды.
Қолымда чемпиондық кубок болғанда Құдайға ―Неге мен?‖ деп еш сұраған емеспін. Қазір өлім төсегінде жатып, Құдайға қалайша ―Неге мен?‖ деп айта алам..‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *