Намаз мол байлық, әрі аса маңызды

Намаз мол байлық, әрі аса маңызды
Бір күні патша екі қызметкерінің арқасына жиырма төрт алтыннан беріп, өзінің екі айлық жеке, әдемі алқабына қоныстанып, тіршілік етулерін бұйырды. ―Мына қаражатты жол шығыны мен билетке жұмсаңдар, сондай ақ баспаналарыңызға қажетті зат сатып аларсындар. Бір күндік жерде бекет бар.
Бекетте автобус, кеме, атарба, тіпті ұшаққа дейін бар. Қаражаттарыңызға қарап таңдап мінерсіндер‖ дейді. Екі қызметші бұйрық алған сон, жолға шығады. Олардың біреуі ақылды еді. Бекетке дейін аз шығындалып, онын

есесіне қожайынының көнілінен шығатын сауда жасап, қалтасындағы
қаражатты мың есе өсіреді. Ал екінші қызметші болса ақымақ еді. Бекетке дейін жирма үш алтынын шашып төгіп құмар ойнына жұмсайды. Бір ғана
алтыны қалғанда қызметтесінің жаны ашып ―Ау, саған не болды? қалған бір теңгеңді билетке бер! Ұзақ жолда аш- жалаңаш қалу қаупі бар.
Қожайынымыз мейрімді, мүмкін қатеңді кешіретін шығар, тіпті ұшаққа міңгізіп қалар. Діттеген жерімізге бір күнде жетіп барамыз. Әйтпесе, екі айлық жолда аш-жалаңаш әрі жаю жүруіңе тұра келеді‖ деді. Апырым-ау анау адам қасарсып қолындағы бір теңесін қазнаның кілтіндей құнды бір билетке жұмсамай, өткінші лаззат үшін азғындық жолға жұмсаса, ақымақ екендігі айтпай-ақ түсінікті болар.
Мінекей, ей намазсыз жан! Ей, намазды жақтырмайтын нәпсім! Бұл мысалдағы патша деп отырғаны- Раббымыз, Аллаһ, ал екі қызметші, яғни жолаушылар болса, біреуі – намазын ықыласпен оқитын, екіншісі – қапы қалған, намаздан мақрұм кісілер. Жирма төрт алтын деп отырғаны бір
күндегі жирма төрт сағаттық өмір, ал жеке алқап – Жәннәт.
Бекет дегені қабыр еді. Саяхат болса, қабірге одан қашірге, одан ары
маңгілік өмір әлеміне жол тартатын адам ғұмыры. Бұл жолды тақуалыққа
қарай адамдар арқалап жүріп өтеді. Кейбір тақуа кісілер мың жылдық жолды бір күнде қиялдай самғап өтеді. Қасиетті Құран осы ақиқатты екі аятымен ишарат етеді. Ал билет деп отырғаны – намаз. Бес уақыт намаз дәретімен
қоса есептегенде бір сағат қана уақыт алады. Апырым-ау, жирма үш сағатын мына жалған дүниеге жұмсап, ал сонау мәңгілік, бақи дүниеге бір сағатын
қимаған адамның қаншалықты шығыңға ұшырайтынын, өзіне өзі қастандық жасайтынын аңғарған шығарсыз. Сондай-ақ, мың кісі қатысатын, мыңнан бірі ғана ұтыс мүмкіндігі бар лотерея ойынына табысынын жартысын салуды жөн санап, ал ұтары жүзден тоқсан тоғыз ―мәгілік қазна‖ атты ұтысқа
табысынын жирма төрттен бірін бермеу соншалықты ақымақтық екенін түсіну қиын ба?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *