Миллионыншы талпыныс

Миллионыншы талпыныс
1942 жыл болатын. Үш адам Венесуалада бірнеше ай бойы алмас іздеп жүріпті. Көп жол өтіп, көп тау аралап, алмас па деп талай жәй тас жинапты. Бірақ құр тастан басқа ешнәрсе жинай алмапты! Үшеуінен біреуі, Рафаэль

Солано, бір көлшіктің жағасына жеткенде достарына: ―Мен шаршадым ‖ дейді. ―ары қарай жүрудің мағынасы жоқ. Мына тасқа қараңыздаршы, мен
тапқан 999999 тасым шығар. Бірақ бір де бір алмас жоқ солардың арасында. Тағы бір тас алсам миллионыншы тасым болады. Бірақ несіне босқа әуре болайын. Шаршап кеттім. Алмас іздеуден бас тартамын‖
Бір досы қалжыңдап: ―Енді бір тас теріп миллионыңды толтырсаңшы ‖ дейді. Солано қалжыңға қалжыңмен жауап беріп: ―Солай-ақ болсын‖ дейді,
―осы сапарымнан бас тартар алдында соңғы тас тере салайын‖. Шаршаған көздерін жауып, қасындағы тас үйіндісінен алмас-ау деп жорамалдап
жұмыртқа үлкендігінде бір тас таңдап: ―Міне соңғы тасымды да алдым,‖ дейді, ―миллион тас терген болдым. Соңғы тасым осы болар!‖ Соңғы тасы
ауыр, кәдімгі тастан едәуір ауыр болады. Солано қолыңдағы тасты қайтадан өлшеп: ―Бұл алмас қой‖ деп қуанады, ―бұл расында да үлкен алмас!‖
Кейін болса, Нью-Йорктағы бір зергер Рафаэль Солано тапқан тас үшін жүз мыңдаған доллар төлеп сатып алады. Кейін болса, ―The Liberator‖ (Азаткер) аты берілген бұл алмас дүниенің ең таза әрі ірі алмасы болғаны
аңықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *