Көзбояушылық

Көзбояушылық
Мешітте ешкім жоқ кезде келіп, намазға тұрады. Намазды әдеттегідей тездетіп бітіріп, ниеті басқа жұмыстарымен кету ғана. Екі ракатты тез оқып бітіргені сол еді, мешітке біреудің кіргенін естігендей болады. ―Келген адам намазды тез оқығанымды көрсе, мен тұралы жаман ойлап қалатын болды ғой‖ деп, қалған екі ракатын бар ынта мен назарын салып оқиды. Сәлемін беріп, намазын бітіреді. ―Әдемі намаз оқыдым, келген кісіден ұят болмайтын болды‖ деп өзіне риза, басын есік жаққа бұрып қараса, есіктен оған адам
емес, иесіз бір иттің қарап тұрғанын көреді. Намазды расында да әдемі оқыды, бірақ онысын жалғыз көрермені болған ит үшін оқығанын түсінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *