“Космополитен”  журналы

“Космополитен”  журналының бiрiншi ресейлiк нөмiрi 1994 жылы 60 мың дана, 130 бетпен жарыққа шықты.

 Бұл журнал қазiргi жас әйелдерге арналған, сән, әдемiлiк, денсаулық және  тағы басқалары жайында жазады. Бiрақ  “Cosmo-ның” басты тақырыбы – әлем әйелдерiнiң сезiмi, оның жұбайына деген сүйiспеншiлiгi, достары және ұжымы, балалары ата-аналары жайында көбiрек жазады.

 Бiрiншi нөмiрi үш бөлiмнен тұрған: “Сен және әдемiлiк”(тоғыз мақала). Келесi нөмiрiне тағыда екеуi қосылды: “Өмiр” және “Жұлдыз”. Сондай-ақ журналдың айдарлары: “Бiзбен бiрге”, “Жүрек соғысы” (оқырмандардың хаттарына психолог жауап бередi), “Денсаулық”, “Үйдегi спорт зал”, “Ақша”, “Оның көзқарасы”, “Тамара Глобаның жұлдызнамасы”, “Саяхат”, “Сiз бұны қайдан сатып алдыңыз?” (дүкеннiң мекен-жайы, қайда аяқ киiм сатылады, киiм және аксессуар)  осының барлығы журнал беттерiнде жарияланады. Барлық айдарлар ағылшын әйелдер журналы        “Космополитеннен”  алынған. Журналдың  көпшiлiгi аударылған метериалдар. Бiрiншi нөмiрiнде 45-бет болды, сондай-ақ  “Cosmo” тегiн таратылады, бұл жарнама негiзiнде батыстық фирмада басылып, “Эскада” (Киiм жарнамасы), “Христиан Диор” (Иiс су және косметика), “Синержи” (Косметика) “Карты” (Сағат).  Осы жарнамалар көптеп берiледi, сондықтан   “Cosmo”  қолдан-қолға таралып отырады. Оны барлық әйелдер  оқиды.  Ресейде       “Космолитен”  бiрiншi “Глянцевый журнал”  (“glossy magarine”) – сәндi, иллюстративтiк бай журнал болып шықты. Ол американдық марканы қолданып, әлемде өзiнiң экономикалық көрсеткiшiмен танылды. “Космолитен”  әйел-аналарға арналған басылым, өте қарапайым, түсiнiктi және сапалы. Кейбiр үлкен жастағы әйелдер “Космоны” оқып, өзiнiң түсiнiктерiн толықтырады деген түсiнiк те жоқ емес. Белгiлi журналдың таралымы — 1997 жылы 350 мың данаға дейiн көтерiлдi деп жазды И.И. Засурский өзiнiң диссертациясында “Cosmopolitan” ағылшын журналы 1994 жылы мамыр айында 320 бет және қосымша     арнайы бетпен шығарылды, бағасы 2,5 доллар құрады.

 “Космополитен” журналында жарнама көптеп берiледi. Мұнда жарнама мамандары, астрологтар, психологтар  және сексологтар, танысу хаттары, әйелдер үшiн әртүрлi сенiм телефондары қызмет атқарады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *