Кореяның ең алғашқы газеттер

Газет-журналдары. Кореяның ең алғашқы газеттердiң негiзi 1896 жылы қаланған. («Тоннип синмун» газетi). Аталмыш газет   аптасына   үш рет, төрт кiшi   форматты бетпен, таралымы — 300 данамен шығып тұрды. Алғашқы нөмiрi 1896 жылы 7-сәуiрде жарық көрдi. Газет негiзiн қалаған Со Чжэ Пхиль (Филипп Джейсон). Кореяның алғашқы күнделiктi газетi — 1898 жылы жарық
көрген «Мейль синмун» басылымы. 1904 жылы жаңа күнделiктi «Тэкан мейль синбо» газетi пайда болды.   Газет   корейлiктерге   ықпалын   тигiзгенмен, Жапон қыспағына орай 1905 жылы жабылып қалған.

1910-1920 жылдар аралығы Корея   журналистикасы тарихындағы қаралы кезең болды. Жапон үкiметiнiң органы болып есептелетiн газеттерден басқа басылымдардың шығуына қатаң тыйым салынды. Соған  қарамастан шет елдерде газет iсi жалғаса бердi. «Коннип синмун» мен «Синкам минбо» басылымдары   Сан-Францискода шықса, «Тэдон синмун» басылымы Ресейде шығып тұрады. екінші дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, Корей мемлекетi өзiнiң тәуелсiздiгiн алды.    Бiрнеше    аптаның    iшiнде кейбiреуi
коммунистер күшiмен шығарылатын 68 газет пайда болды.

1988 жылы   таралымы   400 мың дана «Хангерз Синмун»
күнделiктi   газетi   пайда болды. Ол бiрiншi   күннен    бастап-ақ
компьютер жүйесiн қолдануда. Бәсекелестiкке төзе алмай көптеген әлсiз газеттер жабылып қалды. Соның әсерiнен 1991 жылы 12 күнделiктi газет басылымның жұмысы тоқтап қалды.

1993 жылғы есеп бойынша, Кореяда 103 күнделiктi газет бар. Оның 54-i Сеулде, қалғандары аудандарда басылып тұрады. Әр дүйсенбі сайын басылымға шықпайтын Корей газеттерi дәстүрді ұстанған болатын. Бірақ 1989 жылдың шiлдесiнен бастап ықпалды «Хангун ильбо» газетi бұл дәстүрдi бұзды. Газеттердiң сенбiлiк қосымшалары 1990 жылы ғана пайда болып басылымдардың көлемi де көбейдi. Ро Дэу президент болып сайланып, алтыншы республиканы көркейтуге кiрiсiп кеттi. Осы тұста көптеген газет-журналдар шыға бастады. 1987 жылы елде 30 күнделiктi газет шықса. 1991 жылы 98-ге жеттi, ал 1995 жылы газеттердің саны 116-ға дейін көбейді. Қазiргi таңда Корея баспасөзi даму үстiнде. Сағатына 15 000 дана түрлi-түстi өнiмдердi шығарып отырады. Бұл басылымдар  жаңа ғимараттарға орналасып, озық үлгiдегi машиналармен жабдықталған.

Телерадиосы. Кореяда радиохабар 1927 жылы пайда болды. Екi жылдан кейiн жапондықтар Сеулде радиостанция орнатады. Бұл станса 1954 жылға дейiн жұмыс iстейдi. Кореядағы ең алғашқы коммерциялық радио — «Пусан мунква бродкастинг стейшн» деп аталады.1959 жылы пайда болған.

1966 жылы «Сеул УКВ бродкастинг компани» өзiнiң жеке
стансасын енгiзедi. 1970 жылы ұзын және қысқа толқынды үш
радиостанса пайда болды: «Корея Мунква УКВ», «Пусан Мунква»
УКВ және «Корея УКВ». Сеулдiң қалалық радиостанциясы 1990 жылы маусымда жұмысын бастады. Радио аты — «Трэффик бродкастинг стейшн». 1996 жылы Корея мемлекетiнде 97 радиостанция тiркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *