Кем не артық өлшейтін таразы

Кем не артық өлшейтін таразы
Бір әйел келіп: «Күйеуім әл үстінде жатыр» – деп, үйіне молданы шақыртады. Молда барып, әл үстінде жатқан адамға дем салып, құлағына
«Лә иләһә илләллаһ» деп сыбырлайды. Ауру адам бұл сөзді қайталай қоймайды. Молда «Естімей жатқан болар» деген оймен екінші рет
сыбырлайды. Сонда ауру кісі: «Мені неге қинай бересің? Айта алмаймын оны, екі періште келіп аузыма таразы тығып жатыр» – дейді. Бұл кісі қайтыс болып, оның жаназасынан кейін молда оның әйелінен сыр тартады. Әйел
айтады: «Бұл кісі – базарда ет сататын саудагер еді. Екі таразсы бар-тұғын. Өзі ет сатып алар кезде кем өлшейтін таразысын пайдаланар еді, ал өзі

біреуге ет сатар кезде артық өлшейтін таразысын қолданатын. Сөйтіп пайда табатын». Міне, осы оңай олжа оның бұл өмірден имансыз өтуіне себеп болыпты. Жаны шықпай жатып, періштелер тарапынан жаза көріпті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *