Зікір мен пікір

Зікір мен пікір
Бір адам зікір етіп отырыпты. Ол отырған жерден бір қыз өтеді. Адам зікірді тоқтатып, жаңағы қызға «не деген тәрбиесіз едің!» деп ашуланады.
Қыз таң қалып «не істеп қойдым?» деп сұрайды. Адам: «көрмей тұрмысың
мінәжат етіп отырғанымды. Осындай кезде басқа жерден өтсең болмайтын бе еді?» дейді ашуланып. «Кешірерсіз, сізге кедергі болғым келмеді» – қыз
дейді да сұрайды – «сіз мінәжат дегенді қалай түсінесіз?». «Мінәжат ол Құдай туралы ойлап, ол туралы зікір мен пікірде болу» деп жауап береді
адам. Қыз: «мен жігітіммен кездесуге бара жатқанмын, ол туралы ойлап сізді байқамай қалдым» – дейді – «Егер сіз Құдай туралы терең ойда болсаңыз,
мені қалайша байқап қалдыңыз?»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *