Жүрегі бүлінбесе болғаны

Жүрегі бүлінбесе болғаны
Билеушінің көптеген күңдері болатын. Араларында өте әдемі сұлулар болғанына қарамастан бір қара күңге көбірек назар аударатын. Басқалардың мұны қызғанатынын сезген патша оларға бір-бірден үсті гаухарлармен
жабылған әшекейлі ыдыстан береді. Өте бағалы ыдыстарды таңданып ұстап тұрған күңдеріне патша:
— Әрқайсысың қолдарыңдағы ыдысты жерге ұрып сындырыңдар, – дейді.
Сұлу күңдер сыйлықтарын кеуделеріне басып: – Қожайынымыздың бұндай бағалы сыйлығын қалай сындырамыз?, – десе, қара күң ғана патшаның бұйрығын екі етпестен орындайды. Ыдыс сынып быт-шыты шығады. Патша:
— Басқа күңдер осыншама бағалы ыдысты сындыруға қимағанда, сен неге сындырдың?, – деп сұрайды. Сонда қара күң:
— Маған қожайынымның көңілі маңыздырақ, ыдыстың қандай құны бар дейсің. Қожайынымның жүрегі бүлінбесе болғаны, – деп жауап береді.


Ескірмейтін әңгіме
Әке мен бала жайында. Сөз емес босқа айтылған
Перзентім, сен де пайымда.

Бір жігіттің үйленіп, Ұл өсірген кезі екен, Отбасының кетірген Берекесін сөз екен.
Жақтырмай қайын атасын Жамандайды әйелі
Күйеуіне қуғызып, Жіберуден дәмелі.
Қарт әкеге күн бермей, Жалған сөз де тереді.
Құлағының етін жеп, Күйеуін мүжи береді. Қимай туған әкесін
Қиналып сорлы баласы, Әйелімен ұрыстың
Жиілей берді арасы. От пен судың ортасын
Тұрақтап жігіт күн кешті. Ызыңдаған әйелдің,
Сөзінен зардап мұң кешті. Ажырасып кетуге,
Баласын жетім етуге, Жігіттің дәті бармады Бойдақ болып өтуге. Ызаланған әйелі
Шартын айтты еріне
Кетпесе әкең бұл үйден, мен кетем деп еліме.
Ушықтырып жанжалды, Жан алқымнан алады.
Ғашығының сөзіне
Амалсыз жігіт нанады. Таудағы жаман күркесі Аң аулаған кездегі
Есіне түсіп, әкесін Апаруды көздеді. Баласының бұл ойын Әкесі бірақ сезбеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *