Жаңғақ / асқабақ

Жаңғақ / асқабақ
Қожанасыр бір күні ауылдан қалаға келе жатыпты. Жолда шаршап, бір алқапта демалып алғысы келеді. Айналасына бір қарап, жайқалған жаңғақ
ағашқа сүйеніп аяқ созады. Жаңғақ ағашқа таңырқай қарап, ойланады:
―Жаратқан Ием, ақиқатына ақылымыз жетпейді! Жіп жіңішке сабақтан үлкен бір асқабақ жаратасың, ал алып ағаштан кішкентай жаңғақ жаратасың, бұнын сыры неде екен..‖, – деп жатып, көзі ілініп кетеді. Біраз уақыттын соң, жақсы ұйықтап бара жатқатыр екен, бір жаңғақ тура басына түседі. Қожанасырдың басы қатты ауырып, жанына батады. Ұйқысынан бірден оянып: ―Жаратқан Ием, Ақиқатына құрбан болайын! Сен ең жақсысын білесің! Қазір әлгі
асқабақ мына жаңғақтың орнында болса, менің жағдайым не болар еді?!―,- дейді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *