Жақсыға не жаманға

Жақсыға не жаманға
Мектепте оқып жүрген кезім еді. Сыныптас болған баланы сабақтан шығып үйге кетіп бара жатқанымда көрдім. Есімі Робер еді. Барлық
кітаптарын және рюкзагын арқалап үй жаққа кетіп бара жатты. Сол кезде
кітаптарын сыныпта тастамай, үйге арқалағанына қарағанда басты көтермей сбақты оқитындардан болар деп ойлағаным есімде. Өзімді көрші аула
балаларымен ертең ойнатылатын футбол матчынан басқа ешнәрсе

қызықтырмайтын. Бір кезде бір топ майда балалар жүгіріп өтіп Робертті
қағып жіберді де, Робер бір жаққа құлап, кітаптары басқа жаққа шашылып
кетті. Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт басын көтергенде көздерінен үлкен бір мұң көрдім. Қасына жүгіріп, кітаптарын жинастыруға көмектестім.
Роберттің көздерінде көзжасын көргенде, қолдау ретінде «жүгірмектерді
қойышы. Оған бола ренжигенің не!» дедім. Осы кезде Роберт «рахмет» деді да, маған қарап күлімдеді. Кітаптарды жинап болып, қайда тұратынын
сұрадым. Көрші болып шықтық. Ертеңгі футбол матчына келе аласың ба деп сұрадым, келісті. Ертеңіне футболға келді. Жалғыз мен емес, балалардың бәрі оны ұнатып, бауыр басып қалды. Енді жиналған сайын оны да іздеп шақыратын болдық.
Мектеп бітіргенге дейін екеуіміз бірбіріміздің ең жақын досы болдық. Кейін ол Нью-Йорктағы университетке, мен Техастағы университетке түсіп кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта болсақ та, достығымыз университет жылдары да жалғасын тапты. Роберт университеттің ең үздік студенті болғаны үшін, университет әкімшілігі оған университетті бітіру
салтанатында сөз сөйлеуді ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен ата-
аналары жиналған салтанатты кеште былай деді: «Университетті бітіру күні
– осы күнге дейін алдымыздан шыққан мың түрлі қиыншылықтарды
жеңуімізге қолғабыс көрсеткен жақындарымызға алғысымызды білдіру күні десем болады. Ата-аналарымызға, ұстаздарымызға және ең бастысы
достарымызға! Достықтың маңыздылығын түсіндіретін бір әңгіме айтып берейін…» Досым танысқан күнімізді баяндай бастаған кезде,
қасымдағылардың жүздеріне таңдана қарадым. Роберттің сөзінен кездескен күннің ертеңіне ол өз өзіне қол жұмсауды жоспарлағанын білдім. Кейін
мамасы мектептен заттарын алуға барған кезде, ауыр кітаптарды көтермесін деп, сол күні барлық кітаптарын жинастырып үйге апарғанын айтты. Сөзін бітіріп Роберт маған қарады да «Рахмет саған, досым! Досым, екеуіміз
кездескен күні мені, қазір айтуға да батылым бармайтын, іс жасаудан құтқардың!» – деді. Университеттің ең үздік студенті, барша жағынан
ұнатылатын жас жігіт өмірінің ең қиын кезеңін түсіндіріп тұрған кезде, бәрі үндемей тыңдады. Ата-анасы маған қарап үлкен алғыспен күлімседі. Мен болсам ол күннің Роберт үшін қаншалықты маңызды болғанын еш білмеп
едім. Бір көзге маңызсыз көрінетін оқиғалардың күшіне немкұрайды қарамау керектігін түсіндім. Кішкентай бір амалымыз бен кішкентай бір сөзіміз
біреудің өміріне әсер ететінін түсіндім.. жақсыға не жаманға!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *