Жалған сөз

Жалған сөз
Бір сұлу бойжеткен жолда келе жатыпты. Бір кезде артынан бір жігіттің келе жатқанын байқайды. Жігітке бұрылып:
— Неге артымнан қалмай келесіз?
— Сұлу қыз, жүрегімді баурап алдыңыз, сізге деген махаббатым артыңыздан еріксіз жүргізуде. Мені елдер сегіз қырлы бір сырлы дейді, тағы біреулер осы заманның Абайы дейді, сондықтан да елдің бәрі маған ғашық дейді. Алайда мен бір тек сізді ұнаттым!
Бойжеткен үндемей жігітке біраз қарап тұрды да:
— Қалайша мені жақсы көресіз? Құрбым менен асқан сұлу. Әне ол да келіп қалды – дейді.

Жігіт тоқтап, қыз көрсеткен жерге жалт бұрылып қарайды. Сүйтсе әлгі жерде қыздың сұлу деген құрбысы емес, жасы ұлғайған кемпір тұр екен.
Қызды қайта қуып жетіп:
— Сұлу қыз, несіне маған жалған сөйледің? Қыз күліп қана қойып:
— Сіз де жалған сөйлемеген бе едіңіз? Бір қарағаннан маған ғашық болдым дей тұрып, басқа қызға жалт бұрылып қарағаныңыз сөзіңіздің жалған екенің бірден көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *