Ештеңе де өзгермейді

Ештеңе де өзгермейді
Бір күні хандардың бірі халқының қаншалықты адал екенің көргісі
келеді. Адамдардың бәрін жинап алып былай дейді: ―қаланың ортасына бір бассейн жасаймын. Ортақ хандығымыздың өркейе түсуі үшін сіздердің

көмектеріңіз керек. Ол үшін түнде қаланың әр бір тұрғыны бір шелек сүт
әкеліп бассейнге төксе, өз борышын орындаған саналады‖. Ханның мұндай ұсынысы халқының көңілінен шыға қоймады. Бірақ амал жоқ; хан айтқан соң міндетті орындау керек. Қала халқы түні бойы борышын орындап жүрді. Хан таң ата салысымен бассейн жаққа барып, бассейн іші сүтке емес, суға толғанын көріп таң қалады. Адамдардың бәрі бірдей ―Осыншама халық
арасынан мен ғана сүт орнына су апарсам, ештеңе де өзгере қоймас‖ деп ойлап, бассейнды құр суға толтырған-мыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *