Ежелгі Рим шежірелері

Ежелгі Рим шежірелері — журналистиканың бастау көздері. Цезардың қолжазба басылымдары.

Италиядағы кітап басу ісі. ХУ11 ғасырдағы «Каффе», «Оссерваторе» басылымдарының баспасөз тарихындағы орны.

Муссолини билігі тұсындағы баспасөзге салынған тұсау. Елдің буржуазиялық демократия жолына өтуі.

Солтүстік және Оңтүстік газеттері  арасындағы бөлініс. Газет шықпайтын аймақтар.

Астанасы — Рим. Жерi — 301,3 мың шаршы шақырым. Халқы – 5.73809 адам ( 2000 жылғы санақ бойынша ). Iрi қалалары — Милан, Неаполь, Турин. Мемлекеттiк тiлi — итальян тiлi. Ақшасы — итальяндық лира.

Газет-журналдары.   Италия мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының дамыған батыс елдерден айырмашылығы: онда ақпараттық қоғамда, БАҚ байланыстары ғаламдық  контекске қосылған. 1997 жылы өкiметтiк бағдарламада әлемдiк тенденцияда қарастырылды. Қазiргi Италия басылымдары халықаралық деңгейде қалыптасса да, өзiнiң таралу масштабы жағынан артта қалып келген. Мысалы: өткен ғасырдың соңында Италиядағы таралымы ең көп газет — миллиондық «Секоло» («Ғасыр») едi. Ол 100-200 мың данамен шығып тұрған. 1946 жылы Италия Республикасы болып жарияланып, БАҚ-на көптеген өзгерiстер енгiздi. Италияның ең iрi қалаларында күнделiктi газеттерiне сұраныс даму деңгейi жағынан жоғары болды.

Италияда күнделiктi газеттердiң 3/2 бөлiгi халық тығыз орналасқан солтүстiк аймақта шықты. Италияның 2005 жылғы көрсеткiшi бойынша газеттердiң түрлерi де таралу масштабы да және безендірілуі жағынан ХҮII ғасырмен салыстырып өтсек, айырмашылығы жер мен көктей. Бүгiнгi таңда БАҚ байланыстары көптеген жетiстiктерге жетiп отыр. Оны төмендегi көрсеткiштерден көремiз. Италия баспасөзi жүйесiнде ақпараттық газеттермен қатар, арнаулы газеттердiң үш категориясы тiршiлiк етуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *