Достықтың түрлері

Достықтың түрлері
Бетпебет достық; Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс күн атып батқанға дейін көзін алмайды досынан..

Қашықтықтағы достық; теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың
арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстармен, кешкісін жұлдыздармен жеткізеді..
Үндемейтін достық; мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқандағы достық. Барлық әңгіме осы қолдар арқылы айтылады.
Міндетті достық; Жексенбі мен Дүйсенбі күндер сияқты. Жексенбі
желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр… Сәйкес бола алмаса да бір-біріне, дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті…

Күндердің бірінде өлген достық; орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тәрізді… адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді да
ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында
қабағы өмірі ашылмайтын биік зәулім үйлер салынған кезде өлетін достық…
―Күтімсіз достық‖ деген де болады… Әйтеуір аман ғой, әйтеуір доспыз ғой деп ұзын жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *