Газет-журналдары.

Газет-журналдары. Мысырда ұлттық баспа ұйымдары мен ұлттық хабарлар тарату компаниясы, сондай-ақ, Таяу шығыс жаңалықтар агенттiгiнiң ұйымдары болып табылатын ұлттық газет-журналдар баршылық. «Әл-Ахрам» («Пирамидалар») – күнделiктi газетi 30-45-бет болып жарық көредi. Жұма күнi қосымшасымен бiрге шығады, көлемi – 52-60 бет. Бас редакторы – Ибрагим Нави. Газет 1975 ж. 2 желтоқсанынан бастап шығып келедi.

“Әл-Ахбар” («Хабарлар») газетi күнделiктi жарық көредi, 16-20 бет, сенбi күнi «Бүгiнгi жаңалықтар» қосымшасымен шығады. Бас редакторы – Жала Диуар. Газеттiң негiзiн 1952 ж. ағайынды Мұстафа және Әли Әминдер салған.

“Әл-Гумхурийя” («Республика») күнделiктi газет. Бұл газет революцияның алғашқы күндерiнен бастап шыға бастаған газеттердiң бiрi.

“Ахир-саа” («Соңғы сағат») – 55-60 беттiк апталық журнал. Бас редакторы – Мұхаммад Әл-Гайан.

“Әл-Мұзаузар” («Суреттеу») – апталық журнал, көлемi – 60-70 бет. Бас редакторы – Муккарам Мухаммад Ахмад.

“Әл-Кауамиз” («Өнер жұлдыздары») – апталық журналы, көлемi – 75-80 бет. 1892 ж. бастап шығады. Бас редакторы – И. Барака.

“Насиф ад-дүния” (Жарты әлем) – әлеуметтiк мәселелерге арналған, 100-беттiк болып шығатын әйелдер журналы. Бас редакторы – Сана.

“Сабак-әл-каир” («Қайырлы таң») негiзiн 1956 ж. Фатима Әл-Иусур салған апталық журнал. Көлемi – 70-75 бет. Бас редакторы – Рауф Гауфык.

“Сихр” («Сиқыршылық») — балаларға арналған журнал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *