Бидай жинап, өрттегендер

Бидай жинап, өрттегендер
Ерте ерте ертеде.. жан тазалығымен ерекшеленетін бір жігіт тұрған ауылынан ұзақ бір жерге көшіп барады. Жолда келе жатып, бірнеше
түсініксіз әрі мағынасыз болып көрінген оқиғаларды кездестіреді. Бір ретте, біреулердің бидай егіп жатқанын көреді, сондағы егілген бидай тез көтеріліп бір мезетте пісіп тұр екен. Адамдар уақыт өткізбей бидайларды жинайды
екен да, отқа лақтырып өрттейді. Тағы бір жерден келе жатса, бір адамның үлкен тасты көтеруге күші жетпей қиналып тұрғанын көреді; бірақ сол тастың үстіне тағы бір тас қойса, екі тасты көтеру оңай болады екен да, үш, төрт тас қойылса тастардың жүгі мүлдем сезілмей жеңілдейді екен. Алдынан шыққан тағы бір түсініксіз оқиға: бір адам қойдың үстіне отырыпты, оған
қосылып тағы бірнеше кісі отырып үлгеріпті, алайда кей адамдар сол қойға міне алмай арттарынан жүгіріп жүр екен.
Жігіт көрген оқиғаларға ешбір мән бере алмай, қаланың сыртына дейін соны ойлап барады. Қаладан шығаберісінде бір нұрлы жүзді кісі одан қайдан келіп, қайда бара жатқанын сұрайды. Жігіт көргендерін айтып, ешнәрсе
түсінбегенін айтады. Сол кезде қария: ―Бидай егіп, сол мезетте оны жинап, сосын отқа жандырған егіншілер – жақсылық жасап, сол жақсылықты елге жайып салып, сауабын жоғалтқан адамдар. Тас көтеруге шамасы жетпеген
адам болса мынаны көрсетеді: бірінші рет жасаған күнә адамға ауыр болады, оны көтере алмай қиналады. Бірақ күнәларды жасаған сайын, ол күнәлардың ауртпалығы сезілмей, адам еш күнә жасамағандай жеңіл жүреді. Қойға
мінгендер болса, қой жәннаттан келіп, оның үстіне мінгендерді тіке жәннатқа апарады-мыс, ең бірінші болып қойға мінгендер әлім кісілер, одан кейінгілер
– қалған мұсылмандар, ал қойға міне алмай арттарынан жүгіргендер – имансыз адамдар.‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *