Бақытты болудың кілті

Бақытты болудың кілті
Ешкімі жоқ бір жетім қыз көңілсіз болған күндердің бірінде бір көбелек көреді. Көбелек тікені бар гүлдің арасына кіріп, ұша алмай тұрады. Қыз
көбелекті бар ынта мен мейірімімен тікенді гүлден құтқарып босатады. Ұшып кете салмай көбелек әдемі бір періге айналады да ―сенің үлкен жүрегің мен мейірімің үшін бір тілегіңді орындайын‖ дейді.
Жетім қыз біраз ойланып ―Бақытты болғым келеді‖ дейді. Пері
―Жәрайды‖ деп, қыздың құлағына бірнәрсе сыбырлайды.
Жылдар өтіп, қыз есейсе де, сірә одан артық бақытты адам жоқ сияқты болады. Бәрі де одан бақытты болудың құпиясын сұрайды. Ол болса жымия салып ―Бар құпиям – кішкентай кезімде періні тыңдағаным‖ дейді.
Жасы ұлғайып қартайған кезде көршілері келіп ―Пері саған не дегенің айтшы, бақытты болудың кілті өзіңмен бірге кетпесін‖ деп жалбарына
сұрайды. Көздері мейірім төккен кемпір күлімдеп ―маған былай деді: жас болсын болмасын, бай болсын болмасын кімде кім болсын бәрі де мейірімге мұқтаж, сен оларға керексің.‖

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *