Бақыттысыз

Бақыттысыңыз
Ол 32 жасында әдемі әйел еді. Кезінде өмірлік жолдасы сияқты ол да әскерлік қызметте болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын бір жол апаты
салдарынан өмір бойы көзі көрмейтін зағип болды. Жолдасы операциядан кейін әйелінің көздері көрмейтінін естігенде оны ешқашан жалғыз
тастамаймын, аяғына деуін қолдау көрсетемін деп өз-өзіне сөз береді. Күндер өткен сайын ол күйеуіме жүк болдым, ауыртпалық салдым деп ойлай ойлай көңіл-күйі күннен күнге нашарлайды. Күйеуін болса әйелінің осындай күйде болғаны мұңайтатын. Тез арада оны депрессиядан шығару керектігін ойлайды. Өйткені жас әйел күннен күнге өзімен-өзі болып, ешкіммен
сөйлескісі келмейтін, ешқайда шыққысы келмейтін тұйық мінезді болады. Әйеліме қалай көмектессем екен деп жолдасы көп ойланады. Ақыры ескі жұмысы есіне түсіп, әйелінің тез арада қайта жұмысқа кірісуіне
көмектеспекші болады. Бірақ кішкентай нәрсеге ренжіп қалатын, тез жылап қалатын, үйде көңілсіз отырғысы келетін әйеліне оны қалай айтсын. Бір күні бар батылдығын жиып, енді әйелінің де жұмыс істеу керектігін айтады.
Әйелінің үрейі ұшады. – Мен соқырмын білмеп пе едің!? Қалай жұмыс істеу алады дейсің? – деп қатты ашуланады. Жолдасы оған қолғабыс болатынын, таңертең жұмысқа, кешкісін жұмыстан өзі апарып тастайтынын айтады. Әйел үмітсіздікпен келіседі, өйткені күйеуін жақсы көретін және оны ренжіткісі
келмейтін. Осылай жұмысқа бірге барып, жұмыстан бірге қайтатын. Көңіл күйі жақсара бастаса да, ол бұрыңғыдай әлі шат-жарқын еместі. Күйеуі де осыны жақсы білетін. Бір күні: – Жұмысым көп, енді сені апарып-әкеле
алмаймын. Өзің барып үйренуің керек дейді. Әйел ешқайда бармайтының, далаға жалғыз шығуға қорқатынын айтып жылайды. Бірақ кейін осыған да
келіседі. Енді аялдамаға дейін өзі барып, автобусқа отырып, жұмыстан да өзі қайтатын болды. Осылай бір ай өтеді. Бір күні автобусқа отыра бергенде, шопыр: – Қандай бақыттысыңыз! -дегенің естиді. Өзіне айтылғанын түсінген кезде «неге» деп сұрайды. Шопыр – «өйткені сізбен бірге үнемі жолдасыңыз келіп автобусқа мінеді да, артыңыздан сізге үлкен мейіріммен қарап отырады. Сізден бұрын автобустан шығып, сіздің аман шығуыңызды, сосын бағдаршамдан аман өтуіңізді қадағалап жүреді. Сіз офиске кірген кезге дейін сізге қолғабыс беріп, артыңыздан қалмай жүреді» – дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *