Баспасөздің дамуындағы Германияның айрықша рөлі

Баспасөздің дамуындағы Германияның айрықша рөлі. Кітап басу ісінің дүниеге келуі. ХУ1 ғасырдағы кітап басу ісінің пайда болуы.

Баспасөздегі шоғырлану процесінің басталуы. Бұл істі өркендетудегі Р. Моссе, А. Шерл, Л. Ульштайн,Ф. Котталардың рөлі.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басылымдар. Идеологиялық заказдың орындалуы.

Неміс баспасөзі концентрациялануының қарқынды дамуы. Жаңа монополиялардың құрылуы. Шпрингер империясы. «Грунер унд яр», «Бурда», «Генрих  бауер ферлаг» концерндері.

«Берлин қабырғасы»  тұсындағы бұқаралық ақпарат құралдары. Неміс журналистикасының қазіргі бейнесі. Ақпарат агенттіктері.

Немiс баспасөз тарихы өте қызықты әрi күрделi. Оның барлығын сығымдап ұсыну немесе көрсету мүмкiн емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап осы күнгi баспасөз магнаттарына айналған Ахсель Шпрингер Ферлагтың алып концерндеріне дейiн Германияның баспасөз тарихынан талай шарықтау мен өтпелi кезеңдер кездеседi.

Германиядағы газет-журнал концернiнiң негiзiн қалаушы – Леопольд Ульштайн (1826-1899). Ол атақты қағаз саудагерiнiң отбасында дүниеге келген. 1848 ж. Берлин қаласында өзiнiң қағаз iсiмен маманданған жеке фирмасын ашқан. Мұнда “солшыл” демократтармен: Франц Дункер, Людвиг Лёве және Рудольф Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады. Ульштайн тек баспалық бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бiрге саясатқа қатты қызығушылық танытады. 1871 ж. Ульштайнды Берлин халықтық жиналысқа депутат етiп сайлайды. Алты жыл бойы саясаткер болып, кейiннен өмiрлiк кәсiбi мен мақсатына айналған баспалық iсіне қайтып оралады. Оның ойынша, газет – халықтық, қоғамдық ойдың қалыптасуына, қоғамға, мемлекетке ықпал етудiң бiрден-бiр құралы. Сонымен, 1877 ж. Моссеге үлкен бәсекелестiк туғызып, “Шталь және Асеманн” фирмасынан “Нойс Берлинер таиблатт” газетiн сатып алады (Берлиндiк күнделiктi жаңа парақша). Сол газеттiң бұрынғы журналистерiнiң барлығын дерлiк жұмысқа шақыртып алды. Дәл сол жылы Ульштайн әрiптесi – Иозеф Найсермен бiрге жауапкершiлiгi шектеулi серктестiк құрады “Ульштайн и Ко” құрады. Аталған уақыттан бастап Ульштайн қызыққан баспа iсiнде армандаған нәтижелерге жете бастайды. 1877 ж. 1-шi қазанында “Дойче унион” (“Германдық кеңес”) атты кешкiлiк және таңертеңгiлiк газеттiң тұсауын кеседi. Оның бас редакторы Бойтнер болатын. Бiраз жылдардан кейiн қаржылық қиындықтарға байланысты “Дойче унионды” Лангманн және коллинға берiледi. Қарбалас сәтте, 1878 ж. 1-қаңтарда (Ульштайн күйреуге жақын қалған таңертеңгiлiк “Берлинер цайтунг” газетiн сатып алады) Ульштаинның жеке бастамасы бойынша аталмыш газеттiң өте қызықты қосымшалары шыға бастайды: 1880 ж. заңгерлік – “Дойчес хайм” (‘Герман үйi”) атты тағы да осы секiлдi жексенбiлiк қызықты “ Берлинер гартенлаубе” (“Берлиндiк беседка”) атты түрлi-түстi қосымша шықты. Мiне, осылайша 1879 ж. жазушылар саны 25 мыңға толып, жалпы таралым 40 мыңға жеттi. Мұндай көрсеткiш аталмыш уақыт үшiн өте үлкен жетiстiк едi.

1880 және 1882 жылдар арасында “Берлинер майтуне” газетiнiң мөлшерi өзiнiң либеральды-демократиялық бағыты және өткiр шыншыл қөзқарастары үшiн прус парламентi мен канцлер тарапынан бiрнеше рет кәмпескелеу мен айыппұл төлеулерге ұшырап жатты. Ульштайн әрдайым белгiлi, майталман шебер журналистердi өзiнiң айналасына жия бiлдi. Олардың қатарында әйгiлi фемотонист әрi меценат – Филипп Штейн, саясаткер Густав Адальф Фишер және Исидор Леви бар едi. Ульштайн және оның қарамағындағы қызметкерлерi мен әрiптестерi арасында ешбiр – “бастық пен қызметшi” қарым -қатынас болғанмаған. Керiсiнше, олар әрдайым бiрге, тұтас бiр шығармашылық бүтiн топты, ұжым құрайтын. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пiкiр алмасу, бiр-бiрiмен санасу секiлдi қатынастарды көруге болатын едi. Осы үлкен iстiң иесi Ульштайнның екi үлкен ұлдары – Ханс пен Луи әкесiне көмектесiп, қолқабыс етiп, мұрагерлер ретiнде жұмыстың қыр-сырымен танысады. 1881ж. Ульштайн Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа типография салды. Ол кейiннен ондаған жылдар бойы немiс астанасындағы ең iрi баспалық кешенге айналады. Жаңа технологиялар мен техникалық жетiстiктер жұмыс қарқынын үлкендетуге себебiн тигiздi. Ульштайнның кiшi ұлы – Луидiң бастамасымен кешкiлiк, жексенбiлiк, таңертеңгiлiк қосымшалар шығаруды қолға алды. Мұндағы мақсат  халықтың әртүрлі әлеуметтiк тобына арнайы газеттер шығару. Мысалы, зиялы қауымға, шаруаларға, бизнесмендерге, үй шаруасындағы әйелдерге, жастарға сияқты бөлек-бөлек топқа бөлiп қарап, сол сарынмен әрi қарай жұмыс атқарады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *